21 қазан 2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының студенттері Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің Жедел Басқару орталығында және Кинология қызмет орталығында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында кәсіптік-бағдарлық сабаққа қатысты.
Кездесу барысында Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов пен Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Сағын Қадыржан сөз сөйлеп, полиция қызметіндегі тергеушілердің қызметінің қыр-сырын жан-жақты түсіндіріп, қызмет барысында болатын қиыншылықтар мен оларды шешудің жолдарын да ашып көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент орталығының қызметкерлері студенттерге қызметтік иттермен жұмыс жасауды және Жедел Басқару орталығының камераларын пайдалануды, студенттерді тәжірибеге қатыстыру арқылы жүргізді.
Сөз соңында студенттер тарапынан Департамент басшылығына атқарған қызметтері үшін алғыстарын білдірді.
