2024 жылдың 1-қараша күні шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Суюнова Айгерим Тулкибаевна «Экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару» пәні бойынша АІ-411 тобында (ББ 6В02301 Аударма ісі) ашық сабақ өткізді. Сабақ «Investment activities» тақырыбы бойынша өткізілді. Сабақта тақырып бойынша презентация, Cambridge «English for the financial sector» оқулығы және аудиоматериалдары мен «Курс английского для финансистов» оқулығы қолданылды. Студенттер тақырыпқа қатысты диалогтарды оқып, екі жақты парақтан аударма жасап машықтанды. Сабақтың мақсаты оқу және тыңдау арқылы студенттердің сөйлесу дағдыларын жақсарту болды. Сабақ оқу процесінің коммуникативтік бағытын арттыру үшін ағылшын тілінде өткізілді. Сабақ соңында студенттер инвестициялар туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, түрлі инвестициялық көздер туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.