«Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы фразеологизмдер» атты монография авторлары – Білім және менеджмент институты Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Раманова Айгүл Абибуллаевна мен Амангалиева Ақкербез Ербулатовна (қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның 2009 жылғы түлегі, қазіргі таңда – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың аға оқытушысы, магистр).

Ұсынылып отырған еңбекте Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы тұрақты тіркестердің қолданылу ерекшелігі алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерттеу нысанына алынды; қаламгердің «Ақ Жайық» трилогиясындағы фразеологизмдер тақырыптық топтарға жіктелді; шығармада фразеологизмдердің төрт варианттылығы кездесетіндігі анықталды; қаламгер шығармасындағы фразеологизмдердің лексика-грамматикалық сипаттары қарастырылып, айқындалды; Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы фразеологизмдер бейнелілік құрылысы жағынан әр алуан түрде көрініс тапқандығы тілдік мысалдармен дәлелденді; жазушы тіліндегі синонимдес фразеологизмдер тілдік мысалдар арқылы айқындалып, көрсетілді; Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы фразеологизмдердің нәр алушы қайнар көздері анықталып, олардың жазушы тіліндегі қолданылу ерекшеліктерін қарастыру үш түрлі тәсілдің бірлігінде жүргізілді; қаламгер қолданысындағы диалектілік фразеологизмдер қатары анықталып, көрсетілді.

Монография жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ стилистикасы» пәндерінің теориялық және практикалық мәселелерімен тығыз байланысты екендігін атап өту орынды. Ғылыми еңбектегі айтылған ой-пікірлер болашақта тұрақты сөз тіркестері бойынша оқу құралдарын жазушы, сөздіктер құрастырушы ғалымдарға пайдалы болмақ.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz