2025–2026 оқу жылында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Құқық кафедрасында 6В04202 – Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өткізілді.

Қорытынды аттестаттаудың мақсаты – түлектердің оқу барысында қалыптасқан кәсіби құзыреттерін, құқықтық білімдерінің деңгейін, заңнаманы тәжірибеде қолдану дағдыларын және болашақ заңгер ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға даярлығын кешенді бағалау болды.

Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы болып Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Салыков Алибек Асылбекович тағайындалды. Комиссия құрамында құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының магистрі Тулеугалиева Ж.К., заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахметов Т.Х. және құқық кафедрасының аға оқытушысы Карагойшиев Е.А. жұмыс атқарды.

Кешенді емтихан мазмұны білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне сәйкес әзірленіп, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және өзге де бейіндік пәндер бойынша білім алушылардың теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларын бағалауға бағытталды. Емтихан тапсырмалары қолданыстағы заңнаманың өзекті талаптары мен құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып құрастырылды.

Құқық кафедрасы мен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңберінде білім алушылар өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтіп, кәсіби қызметтің нақты жағдайларында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Тәжірибе барысында студенттер құқықтық құжаттармен жұмыс істеу, құқық бұзушылықтарды саралау, құқықтық талдау жасау және кәсіби шешім қабылдау бағытында өз білімдерін табысты көрсетті.

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия төрағасы Салыков Алибек Асылбекович түлектердің кәсіби даярлық деңгейіне жоғары баға беріп, олардың теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра алатынын атап өтті. Сондай-ақ білім алушылардың практика кезеңінде көрсеткен жауапкершілігі, тәртіптілігі, кәсіби этика қағидаттарын сақтауы және құқық қорғау органдары қызметіне бейімділігі оң бағаланды.

Комиссия мүшелері түлектердің білім беру бағдарламасында көзделген оқу нәтижелерін толық меңгергенін және құқық қорғау органдары, сот жүйесі, мемлекеттік қызмет, адвокатура мен корпоративтік құқық салаларында кәсіби қызмет атқаруға қажетті құзыреттерді қалыптастырғанын атап өтті.

Қорытынды аттестаттау түлектердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін көрсетіп, білім беру бағдарламасының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz