Студенттердің кәсіптік сертификаттаудан өтуі ЖОО түлектерінің тиісті білім мен дағдылар деңгейінің, кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Көптеген сарапшылар мен білім беру жүйесі өкілдерінің пікірінше, кәсіптік сертификаттау білім сапасын арттыруға және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

2024-2025 оқу жылында кәсіптік сертификаттау шеңберінде БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары жоспарға сәйкес ЖШС «Промресурс білім беру орталығынан» оқудан өтті. «Газдан құтқару ісі» арнайы дайындығы бойынша 36 сағаттық оқуды аяқтаған курстың 20 тыңдаушылары «Газдан құтқарушы» біліктілігін алды.

Алған білім мен практикалық дағдылар түлектердің табысты жұмысқа орналасуына ықпал ететіні сөзсіз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz