Инженерлік-гуманитарлық факультеттің “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасы «Батыс Қазақстан АЭЖК» 110/35/10 кВ «Омега» қосалқы станцияда 6В017102 – “Электр энергетикасы” БББ 3 курс білім алушыларына “Электр энергетика” пәні бойынша практикалық сабақ ұйымдастырды. Білім алушылар мен оқытушыларды «Батыс Қазақстан АЭЖК» ТҚ жетекші инженері Ербаева Н.Б. қарсы алды. Техникасы қауіпсіздік жөніндегі инженері білім алушылар мен оқытушыларды қосалқы станциядағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Қосалқы станцияда тәжірибелік сабақтарды қауымдастырылған профессор К. К. Тулегенов және кафедраның аға оқытушылары Б.А. Саргужиева, Н.Г Буранова жүргізді. Сондай-ақ, білім алушылар электр станциялары және қосалқы станциялардың қызметтері мен түрлері, электр станциялары және қосалқы станциялардың негізгі жабдықтары, 110/35/10 кВ «Омега»  қосалқы станцияның жүктемелері мен тұтынушылар туралы толық ақпарат алды және де өз көздерімен көре алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz