2023 жылдың 8 қарашасында Сапа апталығы аясында Білім және менеджмент институтының Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Матжанова Гульвира Жусуповна 6В01702 Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Teaching young learners: language learning and acquisition» (Балаларға ерте оқыту: тіл үйрену және меңгеру) атты практикалық-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – студенттерге ағылшын тілін ерте оқыту ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін практикалық тұрғыдан үйрету.
