2023 жылғы 6 қарашада “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өндіріс өкілі, жұмыс беруші, «КазЭнергоЭкспертиза» ЖШС сарапшысы Маркин Павел Александровичпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Электр энергетикасы» және «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» ББ 2 және 3 курс білім алушылары шақырылды. Қонақ барлық мемлекеттік мекемелер мен ірі өндірістерге энергия аудитін жүргізетін және қорытындысында тексеруден сәтті өткен ұйымдарға энергетикалық паспорт беретін ұйымның қызметі туралы айтып берді. Павел Александрович өзінің мансабы қарапайым слесарь болудан бастап және жылу электр станциясының бас директоры болғаны туралы да айтты. Кейін «КазЭнергоЭкспертиза» ЖШС-не шақырылды, онда әлі де өз қызметін жалғастыруда. Білім алушылар П.А.Маркиннің сөзін мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сөз сөйлегендері үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен жұмыста табыс тіледі.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz