БҚИТУ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының студенттері мен магистранттарын оқытудағы тәжірибеге бағдарланған тәсіл өте өзекті болып табылады, өйткені қазіргі еңбек нарығы теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар үлкен практикалық тәжірибесі бар мамандарды күтуде.
Кафедра профессоры, в.ғ.д. Байтлесов Е.У. «Ветеринариялық акушерлік және гинекология», «Гинекологиялық аурулар» пәндері бойынша 6В09101 «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының 4,5 курс студенттері және 7М09101/7М09102 «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін «ZOODOCTOR» ветеринариялық клиникасы базасында басшы Страмоусов Максим Анатольевичпен бірге практикалық тәжірибесі мол сабақ өткізді.
«ZOODOCTOR» ветеринарлық клиникасы терапия, травмотология және ортопедия, хирургия, қарқынды терапия және реанимация, диспансерлеу, рентгенография, ультрадыбыстық, вакцинация, жануарларды зертханалық диагностикалау сияқты жаңа медициналық жабдықтардың көмегімен ветеринарлық қызметтерін көрсетеді.
Тәжірибеге бағытталған сабақтар кезінде білім алушылар жануарлардың түрлі аурулары кезінде алғашқы көмек көрсету әдістемесін игерді. Термометрия, пальпация әдісімен ауруларды диагностикалау, рентген аппаратын қолдана отырып диагноз қою, дәрілік препараттарды көктамыр ішіне енгізу, жануарларды зарарсыздандыру дағдылары пысықталды.
Практикалық іс – әрекеттер мен оқыту арасындағы мұндай байланыс студенттердің ветеринариялық қызметке дайындығы туралы айтатын жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.
Біздің ойымызша, тәжірибеге бағытталған сабақтар студенттерімізге қажетті кәсіби дағдыларды, ветеринарлық мамандардың жұмыс тәжірибесін, кәсіби ұтқырлық пен құзыреттілікті алуға мүмкіндік береді, бұл білім беру стандартына сәйкес келеді және түлектерімізді бәсекеге қабілетті етеді.


