2021-2022 оқу жылының қазан айының 13-і күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жаңылсын Мақсотқызы Хасанованың практика базасында «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Балалардың музыкалық шығармашылығы» пәнінен «Оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы дәріс сабағы өтті. Дәрістің мақсаты: Студенттердің музыканы қабылдау сезімталдығын қалыптастыру, музыкаға құштарлығы, музыканы тыңдауға және орындауға деген ынталықты дамыту. Музыканы саналы түрде қабылдауды қалыптастыру, музыкалық образдардың сипатын түсіну, шығармалардың идеялық негізін ұғуға үйрету. Шығарманы орындау барысында музыкаға деген орындаушылық көзқарас қалыптастыру.
Жас ұрпақты музыка өнеріне тәрбиелеуде музыкалық тәрбие әдістемесі маңызды роль атқарады.
Сабақ барысында практик маман білім алушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, теорияны тәжірибемен ұштастырды. Білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін жан–жақты әдіс–тәсілдерге бай дәріс жүргізіп, үйрететін ән мен тыңдалатын музыкалық шығарманың құндылығын түсіндіріп берді.
