18.02.2026 жылы Құқық кафедрасында БҚО Әділет департаменті өкілдерінің білікті мамандарының қатысуымен мазмұнды қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті және өңірлік кәсіби қауымдастықтар өкілдері арнайы келіп, студенттермен кездесті.

Қонақ дәрісіне:

  1. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінің басшысы Михайлова София Баязитовна
  2. Батыс Қазақстан облысы Адвокаттар алқасының мүшесі адвокат Исмагулова Алмагул Рамазанова
  3. Батыс Қазақстан облысы Заң консультанттары палатасы заң консультанты Тенишев Ринат Рафаильевич
  4. Батыс Қазақстан облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысы Ажкеев Исмаил Телманұлы, қатысып, өз салалары бойынша кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, авторлық құқық және тауар белгілерін тіркеу тәртібі, заң консультанттарының қызметі мен азаматтарға құқықтық көмек көрсету тетіктері, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу және жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.

Спикерлер нақты тәжірибелік мысалдар келтіріп, заң саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, болашақ заңгерлер үшін кәсіби этика, жауапкершілік және тәжірибенің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, құқық саласындағы нақты жұмыс бағыттарымен танысуға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.

Құқық кафедрасының ұжымы қонақтарға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдіреді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz