2026 жылғы 17 ақпанда «Сәулет және құрылыс кафедрасында» «Сәулет, құрылыс, жерге орналастыру және кадастрлар бағыттары бойынша өңірлік ғылымда инновацияларды зерттеу және енгізу» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысымен тәжірибе алмасуға, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуді жетілдіруге, сондай-ақ өңірдің ғылымы мен практикасының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.
Ғылыми семинарда басында кафедра меңгерушісі Н.М.Беккалиев кіріспе сөз сөйледі.
Іс-шара аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастық саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері және ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша баяндамалар жасалды. Баяндамаларға т.ғ.к., қауымдастырылған профессор К. А. Нариков, т.ғ.м. А.Т. Тасқалиев, Л. Т. Қойбағарова қатысты. Сондай-ақ докторанттардың А. Б. Мақсотова мен К. М. Джумабаеваның ғылыми қызметі туралы есептер тыңдалды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастамашыл тақырыптары бойынша т.ғ.м. С. Г. Умерешова, Б. Л. Ідрісов, Г. Ш. Ізбасова, сондай-ақ аға оқытушылар Б. А. Кенжегалиева, Б. Н. Аманова, А. С. Абатова және Е. Б. Болат баяндамалары тыңдалды.


