Қазақстан халқының бірлігі күні Оралда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық күні өтті. Іс-шараға студент жастар, қоғам өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен аға буын өкілдері белсенді қатысты. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жастармен бірге ағаш отырғызып, тазалық шарасының маңыздылығына тоқталды. Бұл акцияның негізі мақсаты – тұрғындарымыздың, жастарымыздың табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту.

Орал қаласының 10-шы шағын ауданында 400 түп ағаш отырғызылды. «Жалпы биыл шаһарымызда 2 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Университет еріктілері өңір жастарын осы акцияны қолдауға және туған өлкенің табиғи ландшафттарын сақтап, көбейтуге өз үлестерін қосуға шақырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz