2024 жылы 23-25 сәуірде Волгоград мемлекеттік аграрлық университетінің құрылғанына 80 жыл толуына орай «Болашақ ғылымы – жастар ғылымы» халықаралық студенттік ғылыми форумы (Агроинженерлік мамандықтар бойынша Халықаралық студенттік олимпиада) өтті. Қатысушылар – Ресей мен таяу шетелдегі алты жоғары оқу орнынан 25 өкіл қатысқан болатын.

 Командаларға Конкурстық тестілеуден өту, автотрактородромда практикалық бөлімді орындау, міндеттерді шешу және ғылыми-зерттеу баяндамаларымен сөз сөйлеу қажет болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша БҚИТУ командасы жеке біріншіліктерде, түрлі орындарға және жалпы командалық 2 орынға ие болды! Білім алушыларымызға оқуда сәттілік және тағы да көптеген жеңістер тілейміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz