2022 жылдың 31 наурызында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтарының ұйымдастыруымен, жазғы еңбек маусымының басталуына орай, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, кезекті кездесуді Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің белсенді студенттерімен өткізді.

Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының жоба үйлестірушісі Баймолды Қасиет Нұрланұлы студент жастарды жазғы еңбек маусымына жұмыс жасауға, сонымен қатар, студент жастардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбек жасағының қатарына қосылып, еңбек етуге шақырды. Еңбек жасақтарына 16-29 жас аралығындағы жастар кіре алады.

Жасыл елдегі жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Кездесу соңында ақпараттық парақшалар таратылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz