2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында WKF каратэден “Bishkek Open” халықаралық турнирі өтті. БҚИТУ 4 курс студенті Алиманова Мадина (ОП 6B01401-дене шынықтыру және спорт, ФКС-421 тобы) 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды (кумитэ бөлімі).
Алиманова Мадина – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара белбеу иегері, 1 дан иегері, әлем чемпионы, Қазақстанның, Орталық Азияның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД елдерінің I ойындарының қола жүлдегері, БРИКС ойындарының қола жүлдегері, каратэден Қазақстан Республикасының студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері.
Мадинаны күміс медальмен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!
