Тәрбие және профилактикалық жұмыс аясында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының білім алушыларына жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тәрбиелік сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараны кафедра эдвайзерлері өткізіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, жауапты мінез-құлық пен өз іс-әрекеттеріне саналы көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Студенттерге келесі әлеуметтік бейнематериалдар көрсетілді:
– «Не книжные закладки» — жастардың есірткі заттарын заңсыз таратуға тартылуы мәселесін ашып көрсететін және мұндай әрекеттердің құқықтық әрі өмірлік салдарын баяндайтын бейнеролик;
– «Хуликанка» — қоғамдық тәртіпті бұзу және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы бейнематериал.
Көрсетілімнен кейін тақырып талқыланып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Диалог барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– құқыққа қарсы әрекеттерге қатысқаны үшін құқықтық жауапкершілік;
– әкімшілік және қылмыстық салдарлар;
– сотталғандықтың болашақта жұмысқа орналасу мен кәсіби мансапқа әсері;
– жастар үшін әлеуметтік және жеке салдарлар.
Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
Осындай тәрбиелік іс-шараларды өткізу студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

