Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – заманауи білім беру, практикалық дағдыларды дамыту және жеке қабілеттерді жетілдіру орталығы. Университетте оқу үшін өзіңізге қызықты және болашағы бар мамандықты таңдай аласыз. Салалық технологиялар институты келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайды:
- 6В04202-Құқықтану
- 6В09103-Ветеринария
- 6В09105-Ветеринария зооинженерия негіздерімен
- 6В07205-Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
- 6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер
- 6В07101-Көлік, көліктік техника және технологиялар
- 6В07102-Электрэнергетикасы
- 6В07104-Технологиялық машиналар мен жабдықтар
- 6В07105-Автоматтандыру және басқару
- 6В07201-Мұнай-газ ісі
- 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- 6В07302-Құрылыс
- 6В07301-Сәулет
- 6В07303-Жерге орналастыру және кадастр
- 6В11301-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
Университеттің оқу бағдарламалары әр студенттің қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес құрылып, олардың жеке дамуына толық мүмкіндік береді. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, зертханалық практикалар, өндірістік тәжірибелер және нақты жобалар арқылы кәсіби шеберлікті меңгереді.
Университеттің басты ерекшелігі – практикалық бағытқа үлкен көңіл бөлу. Студенттер өндірістік нысандарда, лабораторияларда және клиникаларда тәжірибе жинайды, бұл оларға кәсіби ортаға дайын болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру барысында аналитикалық ойлау, шығармашылық қабілет, проблемаларды шешу және командалық жұмыс сияқты маңызды дағдылар дамытылады. БҚИТУ-да білім алу тек кәсіби маман болуға ғана емес, сонымен қатар адамгершілік және қоғамдық жауапкершілікті дамытуға бағытталған. Университет студенттерді құқықтық сауаттылыққа, экологиялық саналы болуға, технологиялық шешімдерді тиімді пайдалануға және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үйретеді.
Мұнда студенттер өз мамандығы бойынша тәжірибелі оқытушылардан білім алып, заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді меңгереді. Оқу процесі ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдануға негізделген, бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырады.
БҚИТУ-да оқу – бұл тек диплом алу емес, бұл кәсіби жолға алғашқы қадам, шығармашылық қабілеттерді дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға дайындық. Университет түлектері өз саласында сенімді, кәсіби және заманауи шешімдер қабылдай алатын маман болып шығады.
Батыс Қазақстан ииновациялық-технологиялық университеті – сенің кәсіби армандарыңды жүзеге асыратын, болашағыңды айқындайтын білім ошағы!