2026 жылғы 1 сәуірде ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін «Ветеринариялық фармакология және токсикология» пәні бойынша қалалық ветеринариялық зертхана базасында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Сабақты «Қараөзен» ЖШС ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық сараптама зертханасының меңгерушісі М.К. Шеблыкина, сондай-ақ кафедраның аға оқытушылары Н.О. Абатова және Р.І. Акатова жүргізді.

Сабақ барысында студенттер ветеринариялық дәрігердің жетекшілігімен жануарлардан алынатын өнімдерге: ет, сүт, балық, жұмыртқа және балға ветеринариялық-санитариялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібімен танысты. Органолептикалық бағалау әдістері, қайнату сынамасын жүргізу және «VetLab» электрондық жүйесінде нәтижелермен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, білім алушылар зерттеу нәтижелері бойынша ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу тәртібімен танысты.

Тәжірибеге бағытталған сабақ форматы болашақ ветеринар мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және оларды өндірістік жағдайда жұмыс істеуге дайындауға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz