2025 жылғы 25-қарашада «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ Resource Academy-мен бірлесіп, Психолог күніне орай Республикалық психологиялық форумды офлайн және онлайн форматта ұйымдастырды.
Форумның мақсаты – кәсіби психологтар қауымдастығын біріктіру, Қазақстанда психология ғылымы мен практикасын дамыту, халықтың психикалық денсаулығын нығайтуға үлес қосқан мамандарды қолдау және ынталандыру. Форум аясында Қазақ психологиялық қоғамының III съезі, Ұлттық ғылым академиясының ғалымдарымен кездесу, жетекші ғалымдар мен практик мамандарды марапаттау, «Үздік психолог-2025» байқауының қорытындыларын шығару, грамоталар мен алғыс хаттарды тапсыру, сондай-ақ шеберлік сыныптары өтті. Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
Психология ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Сұлтаниязова Н.Ж. профессор С. М. Жақыпов атындағы медальмен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша аға оқытушы Жұмағұлова Г.А. «Үздік психолог-2025» медалімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

