2026 жылғы 3-ақпанда «Тарих және қоғамтану»  білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларына арналған танымдық-тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында студенттер БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының М.Мәметова мемориалдық музейіне және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек таныстыру, сондай-ақ теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.

М.Мәметова мемориалдық музейінде студенттер Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлігі мен ел тарихындағы орны туралы құнды мағлұматтар алды. Мұражай экспозициялары арқылы батырдың жеке өмірі, майдандағы ерлігі, сақталған тарихи жәдігерлер таныстырылды. Бұл білім алушылардың отансүйгіштік рухын нығайтуға үлкен әсер етті.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде студенттер өңірдің тарихи даму кезеңдері, археологиялық және этнографиялық жәдігерлер, өлкенің мәдениеті мен дәстүрлері туралы кең көлемде ақпарат алды. Музей қызметкерлері экспонаттарға байланысты мазмұнды түсіндірме жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында білім алушылар белсенділік танытып, тарихи деректерге қызығушылық білдірді. Музейлерге бару студенттердің пәнге деген ынтасын арттырып, тарихи санасының қалыптасуына оң ықпал етті.

Тарих БББ 1 курс білім алушыларының М.Мәметова мемориалдық музейіне  және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жасаған сапары мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды. Алдағы уақытта да осындай танымдық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz