2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен БҚО мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын “Орал Мұнайгазгеология” АҚ арасында екіжақты ұзақ мерзімді шарт жасалды. Жасалған келісім негізінде “Орал Мұнайгазгеология” АҚ практикасы негізінде “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” және “Мұнай-газ ісі” білім беру бағдарламаларының магистратурасы мен бакалавриат білім алушыларының тәжірибелік сабақтарын өткізу, сондай-ақ өндірістік, диплом алдындағы, зерттеу практикасынан және тағылымдамадан өту ұйымдастырылды.

Тәжірибе базасында алынған практикалық тәжірибе білім алушыларға практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, бұл сапалы жоғары білім алуға және мұнай-газ саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz