2024 жылдың 10 желтоқсанында БҚИТУ индустриалды технологиялар институтының жалпы білім беретін пәндер кафедрасы Жайық өңіріне белгілі қоғам қайраткері, еңбек ардагері Нұрлыбек Шайдоллаұлы Брмановпен «Қонақ дәріс» ұйымдастырды. Кездесу барлық СТИ білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерімен өтті. Алдымен Н.Ш.Брмановтың «Даңқты халықтың ұлы жолы» кітабы туралы бейнеролик көрсетілді.

Дәріс қызықты да мазмұнды өтті Нұрлыбек Шайдоллаұлы қай жерде қызмет атқарса да, өндірістің қай саласын басқарса да, оған жауапкершілікпен, кәсіби тұрғыдан қарайтын жан.

«Халқының тарихын танып-білу» атты дәрісі барысында Нұрлыбек Шайдоллаұлы Қазақстанның болашақ мамандары, жастардың өзекті мәселелеріне терең тоқталды.

Көрермендер қонақтың ұлы өмір жолы туралы әңгімесін, сондай-ақ даңқты өткенге арналған кітаптарды жазуға әкелген автордың шығармашылық хоббиін үлкен қызығушылықпен қабылдады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz