«Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Л.Т.Койбагарова «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» пәнінен «Геодезиялық жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік техникасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының ЗК-22О білім алушылары қатысты.
Сабақтың мақсаты – геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін зерделеу, ықтимал тәуекелдер, қауіпті жағдайлар және олардың алдын алу әдістерімен танысу.
Геодезиялық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы.
Ықтимал тәуекелдерге шолу (биіктікте, көліктің жанында, электр желісіне жақын немесе күрделі рельефте жұмыс істеу). Қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары. Жұмыс орнын ұйымдастыру: Жабдықтың жарамдылығын тексеру (тахеометрлер, нивелирлер, GPS-қабылдағыштар және т.б.).
Практикалық сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері бақыланды. Мұғалім оқу процесін талапқа сай ұйымдастыра білді. Студенттер білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.