2025 жылдың 30 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, салалық технологиялар институты химия және биология пәндері бойынша олимпиадаға қатысушыларға есігін айқара ашты. Оны жүзеге асырудың бастамашылары ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылары болды.

Олимпиада мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша кешенді жұмыс шеңберінде өткізілді және химия, биология ғылымдарын кеңінен насихаттауға және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Олимпиадаға Орал қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарынан химия, биология пәндері бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсеткісі келген 136 оқушы қатысты.

Олимпиада аясында қатысушылар терең білім мен дағдыларды талап ететін күрделі есептерді шешті. Қатысушылар химия мен биологиядан тапсырмаларды орындауда теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Сол күні олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар жеңімпаздар дипломдарымен, естелік сыйлықтармен марапатталып, БҚИТУ-ға түсу кезінде оқу ақысына жеңілдік жасалды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін сертификаттар, ал мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етілді.

Мектепішілік олимпиаданың барлық қатысушыларына және олардың мұғалімдеріне қызығушылықтары мен жемісті жұмыстары үшін алғыс айтамыз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz