Қаржы және экономика кафедрасының оқытушылары: э.ғ.к., қауым.проф. Курманова Г.К., э.ғ.м. Салимбаева Ш.Д., э.ғ.к., қауым.проф. Машанова С.А. «GLOBAL SCICALL: Фонд новых знаний» II Ұлттық жарияланымдар байқауына қатысты.

Байқауды «EDP Hub» Ұлттық баспасы ресми серіктесі IPR MEDIA халықаралық баспасымен бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Оқытушылар «Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік оқу басылымы» аталымы бойынша байқаудың жүлдегерлері атанды.

Үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Мемлекеттік бюджет» оқулығының авторларын құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz