2026 жылғы 13 қазанда А. Иманов атындағы жол-көлік колледжінде «Көлік және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Д. Ж. Ғұмаровтың қатысуымен білім алушылармен кездесу өтті.

Кездесу барысында Дастан Жексенғалиевич білім алушыларды кафедраның «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Ол аталған бағыттар бойынша оқытудың ерекшеліктері, кәсіби даму перспективалары және университетті аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сөз соңында оқытушы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесудің мақсаты – білім алушыларға кафедрада жүзеге асырылатын даярлау бағыттары, жоғары білім алу перспективалары және көлік саласында одан әрі кәсіби қалыптасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Мұндай кездесулер білім алушылардың көлік саласындағы заманауи талаптар туралы түсініктерін кеңейтуге, болашақта білім алу бағытын айқындауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz