2025 жылғы 5 ақпан күні шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының эдвайзерлері Гюльбениз Галимовна мен Антон Константинович ИЯ-111, ИЯ-121 және ПД-121 топтарының студенттерімен бірге Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жас сайлаушылар форумына қатысты. Ауқымды іс-шараға атқарушы құрылым басшылығы, облыстық мәслихат төрағасы, сарапшылар, қоғамдық ұйым көшбасшылары мен студенттер атсалысты. Сондай-ақ, сайлау процесіне, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты мәселелер талқыланып, Интерактивті сессиялар ұсынылды. Шара соңында шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған концерт ұйымдастырылды.

