2025 жылғы 8 желтоқсанда Білім және менеджмент институтының Қаржы және экономика кафедрасының аға оқытушылары Аймешева Ж. А., Тогашева Д. С. кафедра стейкхолдері Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасымен бірлесіп, декомпозирленген ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «Қаржы»-6В04106, «Экономика»-6В04106 және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» -6В04104 білім беру бағдарламаларының студенттері үшін “Бюджеттік саясат және бюджеттік процесс”, “Аймақтық экономика”пәндері бойынша тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырды..
Іс-шара барысында студенттер басқарма қызметінің негізгі бағыттарымен және күнделікті жұмыс процестерімен танысты. Сондай-ақ,мемлекеттік қызметке қатысты, оның құндылығы және қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктері туралы сұрақтарға жауаптар алынды. Сабақ барысында студенттер қызметкерлермен ашық форматта сөйлесіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.

