2024 жылдың 6-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа Білім және менеджмент институты, Салалық технологиялар институт студенттері және «Зейін» Университет мектебі командалары қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша қыздар командалары арасында жүлделі үшінші орынға «Салалық технологиялар институты», екінші орынға «Зейін» Университет мектебі, бірінші орынға «Білім және менеджмент институты» құрама командасы ие болды.
Ұлдар арасында жүлделі үшінші орынға «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері, екінші орынға «Салалық технологиялар институты», бірінші орынға Білім және менеджмент институтының «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің құрама командасы ие болды.


