2024 жылдың 5- желтоқсанында Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Е.Д. Әшімованың НД-41О тобында «Ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау» пәнінен «Сораптар және сорап станциялары» тақырыбындағы ашық практикалық сабағы өтті.

Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге сораптардың түрлері, құрылысы және қолдану салалары бойынша теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік беру. Сабақ барысында поршенді және ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принциптері талқыланып, олардың өнеркәсіптегі маңыздылығы көрсетілді. Оқу процесін белсендіру үшін түрлі интерактивті ойындар мен тапсырмалар қолданылды.

Сабақтың ерекшелігі:

Сабақ барысында әртүрлі әдістер қолданылды: студенттер сораптардың жұмыс істеу принципін түсіндіретін түрлі схемалар мен видеоларды қарап, оларды талқылады. Интерактивті ойындар арқылы тақырыпты меңгеріп, білімдерін бекітті. Сонымен қатар, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі арнайы техникалық терминдерді үйрену арқылы студенттердің тілдік құзыреттілігі артты.

Бұл сабақ студенттердің теориялық және практикалық дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz