Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев бір топ қоғам белсенділерін қабылдады. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, phD доктор, белгілі археолог-ғалым Мұрат Дабылұлы Калменов қатысты. Әкіммен кездесуде Мұрат Дабылұлы Калменовке Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасы табыс етілді.

«Қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келесіздер. Азаматтық ұстанымдарыңызға алғыс білдіремін. Еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қостыңыздар. Бейбіт өмір сүрген халық барлық қиындықтарды еңсере біледі. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», билік пен қоғам арасына көпір болып жүре беріңіздер. Наурыз мейрамы құтты болсын. Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын!» – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz