2022 жылдың 17 наурыз күні Тарих және құқық кафедрасының Тарих, Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік кеші өтті. Топ кураторлары философия ғылымдарының магистрі Э.А.Шуренбаева, заң ғылымдарының магистрі Л.А.Климова, педагогика ғылымдарының магистрі А.С.Бұйрашева, заң ғылымдарының магистрі Ж.Р.Махсотова ұйымдастырған кеште ән айтылып, күй шертіліп, мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынды. Қазақтың салт-дәстүрі «сырға салуға» байланысты сахналық көрініс қойылды.





