Құрылыс және сәулет кафедрасында маңызды және қуанышты оқиға болды: «Сәулеттік жобалау» оқу шеберханасы ашылды. Болашақ сәулетшілер мен құрылысшылар ғылыми зерттеулер мен жобаларын жүзеге асыру үшін жаңа алаңға ие болды. Айта кету керек, «Сәулет және құрылыс» даярлау бағыты бойынша бес жүзге жуық студент білім алуда.
Факультетімізде сәулет пен құрылыста көп болып табылатын зертханалық жұмыстар мен зерттеулер, бастапқы, «лас» жұмыстарды жүргізу үшін бірыңғай алаң ашу жоспарланған болатын.
Біздің ынталы студенттеріміз үшін ғылыми зерттеулер жүргізуге, зертханалық жұмыстарды орындауға тамаша жағдай жасалғанына сенімдіміз, бұл, әрине, ғылыми зерттеулердің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Мұнда әртүрлі құрылымдарды жобалау және тәжірибелік үлгілеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда оқу шеберханасында орналасқан қондырғылар тек бастамасы ғана, себебі біздің мақсатымыз 6В07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасына сәйкес «Жобалау және макеттеу» мамандандырылған кабинетін ашу, ол жерде заманауи, жоғары дәлдіктегі бағдарламалар мен дизайнға арналған жабдықтар орналастырылады, мұнда зерттеулер мен қатар оқу процесі де жүргізілетін болады.

«Сәулет және құрылыс» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасын нығайту шаруашылық келісім-шарт тақырыптарын қамтамасыз ете отырып, оқытушылардың ғылыми басылымдарды дайындауға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Біз үшін студенттердің нақты өндірістік жобаларға қатыса отырып, ең заманауи құрал-жабдықтарды пайдалануы, оқу және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу мүмкіндігінің болуы өте маңызды.