Италияның Турин қаласынан тағы да қуанышты хабар келіп түсті – қысқы Универсиаданың бүгінгі, соңғы күнінде, шорт-трек жарысының 5000 м. қашықтық ерлер эстафетасында, отандық спортшылар қола медальға ие болды!
Кеше, аралас эстафета жарысында да біздің студент-спортшыларымыз үшінші орынға қол жеткізіп Еліміздің жанкүйерлеріне бір серпін беріп еді.
Ал, бүгінгі жарыстың сәтті аяқталуына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шыңықтыру және спорт» БББ 3 курс студенті Алина Әжіғалиева мен сол мамандықтын 2024 жылғы түлегі Абулкатимов Алишер өз жарқын үлестерін кезекті рет қосты.
Аталған жарыста ел намысын қорғап 2 мың метрлік қашықтықта аралас сында аса тартысты бәсекеде қола медальға иеленген құраманын қатарында Алина Әжіғалиева Универсиадалардың екі дүркін қола жүлдегері аттанды.
(2023 жылдың 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында күміс медальға иеленді)
Қазақстандық студенттік құрама командасының қоржының жүлдемен толықтырды.
Тамаша жеңіс, әдемі көрсеткіш!
Шорт-трек спорт түрі қарқынды дамуынан тайынбай, дара жолы тегіс болсын деп, осы жетістікке қатысты азаматтарды бір ауыздан қолдап, құттықтаймыз!
