2025 жылдың 23 қаңтарында қалалық №32 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Шараға Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К. Жанияров қатысып, мектеп түлектерінің болашақ кәсіби жолын дұрыс таңдауына бағытталған маңызды ақпараттармен бөлісті.