Біздің университетте шақырылған профессорлардың бағдарламасы белсенді іске асырылуда, оның аясында жетекші қазақстандық және шетелдік әріптес ЖОО-ның өкілдері БКИТУ-ға дәрістер, семинарлар, курстар өткізеді. «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ветеринарлық ғылымдар докторы, клиникалық пәндер кафедрасының профессоры Мардан Нұрмұхамбетұлы Джуланов БҚИТУ-ға шақырылды. Мардан Нұрмұхамбетұлы – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2025» конкурсының жеңімпазы, биотехнология және ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру мәселелерімен айналысатын ветеринария ғылымдары саласындағы ғалым.
2025 жылдың 20 наурыз бен 12 сәуір аралығында профессор М.Н. Джуланов ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Мардан Нұрмұхамбетұлының басшылығымен «Етті мал шаруашылығындағы инновациялық әдістер және өсімін молайту практикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, 72 сағат көлемінде сертификат алды.
Сондай-ақ, профессор БҚИТУ оқытушыларымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізілетіні туралы ақпаратпен таныстырып, байқауда бағаланатын көрсеткіштер туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.


