2024 жылғы 15 сәуір – 03 мамыр аралығында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Л.А. Садыкованың жетекшілігімен және ЖШС «Каз Энерго Экспертиза» электр қауіпсіздігі бойынша III біліктілік тобын (1000 В дейін) растау мақсатында «Электр қауіпсіздігі ережелері» курсы ұйымдастырылды.
16 мамырда электр қауіпсіздігі ережелері туралы курстарға қабылданған студенттердің білімдері тексеріліп, аттестациялау өткізілді. Емтихандарды ЖШС «КазЭнергоЭкспертиза» сарапшылары Бикбаев Бахтияр Миндагалиевич және Хамзин Руслан Біржанұлы қабылдады. ЭЛ-22О тобының білім алушылары Чекалин Никита мен Светлаков Александрды ерекше атап өтуге болады.
Студенттерге 1000 В-қа дейінгі III біліктілік тобын пайдаланып, өндірісте жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.

