2024 жылдың 26 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының “Шетел тілдер және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы Xамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қауіпсіз интернет апталығы аясында «Медиа және ақпараттық сауаттылық» тақырыбында кітапханашыларға ақпарат сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашыларға жалған ақпаратты анықтау, интернет дереккөздерімен жұмыс істеу, ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы презентация жасалды.

