Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2023 жылдың 13 желтоқсанында “Қаржы және экономика” кафедрасының аға оқытушылары И.Н.Тимиргалиев пен Н.И.Тулеугалиева кафедраның білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері арасында «Біздің Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы зияткерлік ойын өткізді.
Ойынды өткізу мақсаты: азаматтық және саяси сезімдерді тәрбиелеу: Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, мемлекеттік рәміздерге құрмет, өз халқының тарихи мұрасы, тарихты зерттеуге деген қызығушылықты ояту.
Ойын бес бағыт бойынша өткізілді: “Тәуелсіздік жылдары”, “Қазақтардың әскери ісі”, “Мемлекеттік мерекелер”, “Тарихи тұлға”, “Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері”. Студенттер ойынға белсенді қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Ойынның соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

