2026 жылдың 09 сәуір күні 6В07302 – Құрылыс білім беру бағдарламасының СТР-31 тобында жоспарға сәйкес «Металл конструкциясы» пәні бойынша «Металл конструкцияларын коррозиядан қорғау әдістері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға металл конструкцияларының коррозияға ұшырау себептерін түсіндіру, олардың алдын алу жолдарын үйрету және өндірісте қолданылатын заманауи қорғау әдістерімен таныстыру болды.

Практикалық сабақ барысында студенттер металл коррозиясының түрлері мен механизмдерін қарастырып, оны болдырмау әдістерін тәжірибе жүзінде талдады. Металдарды коррозиядан қорғаудың негізгі тәсілдері ретінде:

  • қорғаныш жабындарын қолдану (бояу, лактау, мырыштау және т.б.);
  • коррозияға төзімді материалдар мен қорытпаларды пайдалану;
  • электрохимиялық қорғау әдістері (катодтық және анодтық қорғау);
  • арнайы ингибиторлар қолдану сияқты әдістер қарастырылды .

Сабақ барысында білім алушылар топтық тапсырмалар орындап, нақты өндірістік жағдайларға байланысты есептер шығарды және металл конструкцияларын қорғау бойынша өз ұсыныстарын қорғады.

Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz