6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Камиссариев Айдар «AI Start up» байқауында жүлделі I орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жобаның ғылыми жетекшісі – «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Аманова Б.Н.

«AI Start up» екі кезеңнен тұратын байқауы 2026 жылғы 2 және 9 сәуір күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өтті. Аталған шара технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы перспективалы әрі инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған. Байқаудың негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні қолданатын жобаларды анықтау, студенттердің жобалық қызмет дағдылары мен стартап ойлауын дамыту, сондай-ақ олардың кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және өз жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасау.

Камиссариев Айдарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл жетістік жаңа биіктерге жетелейтін сенімді қадам болып, тың идеяларды жүзеге асыруға шабыт берсін және алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңістерге жол ашсын. «Сәулет және құрылыс» кафедрасының білім алушыларына толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz