2024 жылдың 7 ақпанында «Сәулет және құрылыс» кафедрасында» аға оқытушы Кенжина Ж.С. AРХ -12 тобында «Сурет» пәнінен «Геометриялық фигуралар/денелер композициясының конструктивті – сызықтық суреті» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: өзара байланысты геометриялық фигуралар мен көлемдік денелердің конструктивті құрылысын зерттеу. Объектінің (нысанның) конструктивті құрылысын, осьтік орын ауыстыруларды анықтау қабілетін, сонымен қатар фигуралар мен денелердің проекцияларын түсінуді үйрену.
Сабақтың басында сурет композициясын құрудың теориялық негіздері, олардың түрлері мен салу әдістері қарастырылды. Екінші бөлімде орналасу бойынша практикалық қолданбалар көрсетіледі.
Сабақ барысында оқушылармен жұмыстың әртүрлі формалары мен практикалық оқыту әдістері қолданылды.


