Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының 6В01401 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті, Республикалық Универсиаданың жеңімпазы Исағалиев Нұржан Нұрболұлы 2024 жылдың 4-6 ақпан күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген, еркін күрестен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 86 кг салмақ дәрежесінде жүлделі I орынға ие болды.
Исағалиев Нұржан еркін күрестен еліміздегі зор үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Байрақты жарыстарда туымызды биік көтеріп, ел үмітін ақтайтын ерлеріміздің қатарын көбейтіп жүретініне сенеміз. Нұржанды жеңісімен құттықтай отырып, табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат тілейміз!

