2024 жылғы 7 ақпанда БҚИТУ-дың БҚО Полиция департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында құқық кафедрасының базасында «Жастар арасында есірткі құралдарын, оның ішінде синтетикалық есірткілерді қолданудың және таратудың салдары туралы алдын алу» тақырыбында БҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Мурзабаевой Эльмира Жақсылыққызы және БҚО тәуелсіз ерікті және қоғам қайраткері Мырзахметова Асель Кажиахметкызы 6В04202 Құқықтану, 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламалары бойынша 1-2 курс білім алушыларына өткізілді.
Дәріскерлер білім алушыларға қазіргі кезеңде нашақорлық проблемасын, оның жастарға зиянды әсерін өте мазмұнды және қолжетімді түрде ашты. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері басқа ПД қызметтерімен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы БҚО аумағында 1700 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленді, олардың жиынтық құны 450 млн. теңгені құрайды. Біздің облыста есірткі қылмысы үшін 7 кәмелетке толмаған қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Полиция подполковнигі Э.Ж. Мурзабаева жастарды әлеуметтік желілер арқылы есірткі құралдарын заңсыз таратуға тарту жолдары, есірткі қылмысы үшін қылмыстық заңнаманы қатаңдату туралы айтып берді. Білім алушыларға есірткіні қолдану кезінде адам ағзасына келтірілетін зиян, оның ішінде синтетикалық және оларды жастар арасында заңсыз тарату тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетілді.
Білім алушылар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақтардан толық жауаптар алды.


