2026 жылғы 5 қазанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында аға оқытушы Тюлепбергенова О.Б. ЗК-42 тобында «Жылжымайтын мүлік нарығы» пәнінен «Жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық құны: факторлары мен анықтау әдістері» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Сабақ барысында білім алушылар құнның негізгі түрлерін, баға қалыптастыру факторларын, жылжымайтын мүлікті бағалау тәсілдерін және бағалау қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерін қарастырды.

Сабақта интерактивті оқыту әдістері, атап айтқанда, «Провокациялық дәріс» әдісі қолданылды. Білім алушылар әдейі жіберілген қателерді анықтап, оларды талдап, түзетті. Материалды бекіту мақсатында «Ассоциативті синквейн» және «Бағдаршам» әдістері пайдаланылды.

Сабақ білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және жылжымайтын мүлікті бағалау саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz