2026 жылдың 21 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Батыс Қазақстан облысындағы «Batys Hub» аймақтық инновациялар және кәсіпкерлік орталығында технологиялық воркшоптар мен интенсивтер курсы өтті. Іс-шара білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект және заманауи цифрлық технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын дамытуды мақсат етті. Курс қорытындысы бойынша «Информатика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері арнайы сертификаттармен марапатталды.
Аталған іс-шараларға қатысу білім алушылардың жасанды интеллект технологияларын, нейрондық желілерді, цифрлық контент әзірлеу және бағдарламалау құралдарын тәжірибеде меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне кең мүмкіндік береді.



