2026 жылғы 5 қазанда «Қаржы және экономика» кафедрасында Ұстаздар күніне орай «Ұстазға мың тағзым» атты мерекелік эдвайзерлік сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны эдвайзерлер Ж.А. Тлесова мен Д.С. Тогашева ұйымдастырып, оған 1–2-курс білім алушылары белсенді қатысты.
Кездесу барысында білім алушылар ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын өлең шумақтары, ізгі тілектері және шығармашылық қойылымдары арқылы білдірді. Мерекелік бағдарлама әсерлі әндермен, қызықты ойындармен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар кафедра оқытушыларына арнайы әзірленген әзіл-қалжыңға толы номинациялар табысталып, дипломдармен марапатталды. Бұл сәт мерекелік кештің мазмұнын байытып, ұстаздар мен білім алушылар арасындағы жылы қарым-қатынасты айшықтай түсті.
Эдвайзерлік сағаттың негізгі мақсаты – білім алушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыру, алғыс білдіру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту.
Тағылымы мол мерекелік іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, барша қатысушыға жарқын көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

