2026 жылдың 19-қарашасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Тәуелсіздік күніне орай жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары және қызметкерлері арасында волейболдан дәстүрлі «Жәңгір хан» кубогі турнирі өтті. Турнирде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, БҚИТУ командасының ойыншысы Медресов Бауржан Адилгалиевич турнир барысында шеберлігі мен спорттық тәжірибесі үшін «Үздік ардагер ойыншы» номинациясының жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік – командалық бірліктің, табандылықтың, спорттық шеберлік пен жеңіске деген жігердің жемісі.
БҚИТУ командасын жүлделі орындарымен және Медресов Бауржан Адилгалиевичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстар, жарқын жеңістер, мықты денсаулық және спорттық жетістіктер тілейміз!


