Университеттегі Сапа апталығы аясында 2024 жылдың 12-қарашасында 11:00-де «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. А.М. Мусаевтың ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен 3-4 курс білім алушыларына «Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, жаңа бағыттары» тақырыбында мастер класс өтті.

Мастер класс барысында қазақ классик жазушыларының еңбектері жан-жақты  талданып, Ж.Нәжімеденов, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов  шығармаларының стилистикалық ерекшеліктері туралы айтылды. Мастер класта  білім алушыларға ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы мен әдебиеттің даму кезеңдері мен қалыптасу тарихы туралы кең көлемдегі мәлімет берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz